Президент Тоқаев Елбасы Назарбаевтың 20 жыл бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізді
Президент Тоқаев Елбасы Назарбаевтың 20 жыл бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізді
Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген АЕК мөлшерінде тағайындалатын болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.»
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген Қаулыда.