Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жастар дискотека ұйымдастырған
Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жастар дискотека ұйымдастырған
Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.
Алматы қаласының тұрғыны түнде тұрғын үйдің төбесінде үнемі шулы кеш өтетіндігіне шағымданды, деп хабарлады zakon.kz.
Мен 04.04.2020 жылы сағат 23.15 шамасында сіздің атыңызға арыз жаздым. Байзақов көшесі, 170 мекен-жайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері дискотека ұйымдастырылады. Музыканың дауысының қаттылығы сонша бүкіл ықшамауданға естіледі. Сізден осы мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын, — деген ол Facebookарқылы Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығына шықты.
Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.
— Сізден түскен шағым бойынша Алмалы аудандық ПД қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады. Байзақов көшесі, 170 мекен-жайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырын тексерді, кінәлілерге 434-2 бап — «Қоғамдық орындардың ластануы», 440-бап — Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну бойынша хаттама толтырылды, — деді бөлім бастығы Есен Ысқақов.