Чипі бар техникалық құжаттар 1 желтоқсаннан беріле бастайды
ҚР ІІМ енгізілуі тиіс өзгерістердің мерзімін қайта қарағандықтан, жаңа КҚТК көлік иелері үшін ағымдағы жылда-ақ қолжетімді болмақ.
Ішкі істер министрінің 5 қарашада ресми жарияланған бұйрығында көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктер 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кезең-кезеңімен беріледі деп жазылған. Бұл ретте, бұйрық шыққанға дейін дайындалып, берілген техникалық құжаттар көлік құралдарын қайта тіркегенге дейін жарамды болады, деп хабарлайды kolesa.kz.
Жаңартылған КҚТК тіркеуден өткен автокөлікке қатысты деректердің барлығы жазылатын электронды чиптерге ие болады. Техникалық құжаттарда жаңа жолақтар, қорғаныстың ультракүлгін элементтері болады, құжаттар күлгін түске боялып, есептен шығарылғанын білдіретін таңба тескіш құралдың көмегімен салынады. (Қазіргі қолданыстағы КҚТК екі жарты бөлікке ажыратылады.)
Чиптерде келесі мәліметтер сақталады:
мемлекет
тік тіркеу нөмір белгілері;
куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;
куәліктің берілген күні;
маркасы, үлгісі;
көлік құралының шығарылған жылы;
көлік құралының категориясы;
сәйкестендіру нөмірі(VIN);
жүктемесіз салмағы, кг;
қозғалтқыш көлемі, см текше;
рұқсат етілген ең жоғарғы салмағы, кг;
көлік құралының түсі;
көлік құралының иесі;
көлік құралының иесінің тұрғылықты мекенжайы;
ерекше белгілері;
алғаш тіркелген күні;
көлік құралын қайта жабдықтау түрлері жайлы мәліметтер;
өзге мәліметтер.
Ілгеріде тәртіп сақшылары чипі бар техникалық құжаттарды 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап беруді жоспарлаған болатын.