ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 93 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 93 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды рәсімдеді.
Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу бойынша оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделді.
Бүгінде Әлеуметтік қызметтер порталына 59 208 мүгедектігі бар адам және «қамқоршы» мәртебесі бар 61 594 адам кірді. Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі