Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Алик Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы есеп берді. Агенттік төрағасы саяси мемлекеттік қызметшілер мен жауапты басшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін қызметінен босатуға және нормативтік-құқықтық актілерді жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуді қалпына келтіруге қатысты Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады,деп хабарлады Ақорда .

Президент мемлекеттік органдардың жұмысына қызмет көрсету моделін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, Агенттіктің азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарына оң баға берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы 19 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға қатысты берілген тапсырмаларды тезірек заң жүзінде іске асырудың қажет екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *