ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, 2020 жылғы 26-27 тамызда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейінгі уақытта, Шымкент қаласындағы Бекжан базары және Достық мөлтек ауданында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасынан алып келінген автокөліктерді 2020 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейінгі аралықта тіркеу жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласы аумағына Армения Республикасынан 674 автокөлік алып келінген.
Оның 236-да басқару құрылғысы оң жағында орналасқан.


Басқару құрылғылары оң жағынан сол жаққа ауыстырылған автокөлік иелеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 584 бұйрығына сәйкес, Ұлттық стандартқа сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсыну арқылы тіркеу тәртібі түсіндірілуде»- деді Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев.


Тіркеуге келген азаматтар төмендегі іс құжаттарды ұсынып жатыр.
 Жеке басты куәландыратын құжатты;
 Мемлекеттік баждар төлеу туралы құжаттарды; (жалпы- 11 946 теңге төленеді)
 Армения Республикасының уәкілетті органында берілген, көлік құралдарына арналған Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктері мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері;
 Сәйкестендіру нөмірінде кемінде 17 белгі болған жағдайда, 018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ұсынады.»;
 Сонымен қатар Армения Республикасының алып келген іс құжаттарын мемлекеттік тілге немесе орыс тілінде аудармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына сәйкес сұратылуда.
Тіркелген автокөліктің Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің (тех паспорт), ерекше белгілерінде «Өзге адамға тіркеуге жатпайды» деп көрсетілетін болады.
Тіркеу кезінде, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған Армения Республикасынан алып келінген іс құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің түпнұсқалары, иесімен шешім қабылданғанға (автокөлік тіркеу немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім) дейін тіркелген Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында сақтауда тұратын болады.
Ал, автокөлікті Қазақстан Республикасынан шығаратын болса, тіркелген жердегі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу куәлігі мен мемлекеттік тіркеу номерінің белгісін өткізіп, Армения Республикасынан алып келінген іс құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің түпнұсқалары иелеріне қайтарылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *