Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды
Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды
Түркістан облысында әйелін балтамен ұрып жазалағысы келген ер адам 11 жылға сотталды, — деп хабарлады Polisia.kz.
Бұған дейін Түркістан облысында ер адамның өз әйелін балтамен ұрып, ауыр жарақат тигізгені туралы ақпарат кеңінен таралып, қоғам арасында талқыға түскен болатын.
Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмаған соң, жәбірленушінің әпкесі полиция бөліміне келіп арызданды. Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 24-99-бабы (Адам өлтiруге оқталу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді де, тергеу жүргізді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің күйеуі 2-3 сағат ішінде аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында күдікті мен әйелінің арасында отбасылық жанжал болған және ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңнің туындауы алғаш рет емес екені анықталды. Бұған дейін де бірнеше рет қайталанған. Ал дәл осы жайт кезінде күйеуі әйелді ұрып соғып, артынан балтасын алып жүгірген. Зәресі ұшқан әйел қорыққанынан қаша жөнеледі, алайда күйеуі артынан жетіп, қолындағы балтасымен өз әйелін аяусыз ұрып соққан. Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел емханаға қаралып, тиісті отасы жасалды. Алайда бетіне тиген балтадан бір көзі қатты зақымданып, бір жағынан бас жарақатын да алған.
Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы бірқалыпты, Шымкент қаласындағы туыстарының үйінде. Емханаға жатып, тағы да ота жасатуға дайындалып жатыр.
Осылайша Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күйеуінің соққысынан ауыр жарақаттанған әйелдің ісін тергеп-тексеріп, тиісті дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады. Өз кезегінде Түркістан облыстық сотының шешімімен күдікті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.