Кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау білдірген барша қазақ еліне алғысын айтып, жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

«Жекпе-жекті аяқтадық. Көңіл-күйім тамаша. Бәрі ойдағыдай өтті. Жаттықтырушылар мен бапкерлердің айтқанын істеп, өзімді рингте сенімді сезіндім. Төртінші жекпе-жегімде осындай мықты қарсыласпен шығып жатқаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе. Алдағы уақытта бұдан да мықты қарсыластар шығып, өзіміздің, қазақ стилінің мықты екенімізді дәлелдейміз», — деген боксшы барша жұртқа алғысын айтты.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткен бокс кешінде америкалық қарсыласы Вон Александерды жеңді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *