КӨПБАЛАЛЫ АНА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚАРЖЫСЫНА КӘСІБІН КЕҢЕЙТКЕН

КӨПБАЛАЛЫ АНА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚАРЖЫСЫНА КӘСІБІН КЕҢЕЙТКЕН

 

     Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің қаржысын тиімді пайдаланып, кәсібін кеңейтіп отырғандардың қарасы көбейіп келеді. Солардың бірі – Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округіне қарасты Қ. Сәтпаев елдімекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Жанар Мачанова. Бүгінде ол өз үйінің бір бөлмесін шағын тігін цехына айналдырып, өзінен бөлек қолының ебі бар тағы 1 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

 

    Осыдан 10 жыл бұрын тігіншілікті кәсіп еткен Жанар өткен жылы 4 перзентіне 460 мың теңге көлемінде  әлеуметтік жәрдемақы алған. Осы қаржыға Шымкент қаласынан әрбірі 185 мың теңге тұратын 2 тігін машинасын сатып әкеліпті. 

Қазіргі таңда Жанар киімдерді өңдеп, қысқартып қана қоймай тапсырыс бойынша қазақы киімдер мен қыз жасауларын да әзірлеуге кірісіпті. Күн санап тіккен киімдері көпшілікке таныла бастаған көпбалалы ана округтегі тігіншілікке қызығушылық танытып, үйренемін деушілерге қосымша оқу курстарын да өткізуде. 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *