Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек — Тоқаев

Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес барысында Президент қоластындағылардың жемқорлық әрекеттері үшін басшыларын қызметінен босату қағидаты енгізілгенін еске сала отырып, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту керегін айтты.

«Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан, оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін  әзірлеуді тапсырамын.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн. Сыбайлас жемқорлық пен басқару ісіндегі олқылықтардың ара жігін нақты ажырата білу қажет», — деді Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *