Тоқаев Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Тоқаев Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.

Даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары», — деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *