ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КҮЗГІ ЖАУЫН-ШАШЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КҮЗГІ ЖАУЫН-ШАШЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Қарасу» шағынауданында орналасқан 9 көпқабатты тұрғынүйдің ауласына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, №1, 3, 4а, 54, 57, 58, 59, 60, 61 көпқабатты үй ауласындағы ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілген.
Сенбілікті ұйымдастырған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалмауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілгенін айтады.
«Аулаларда ирригациялық арықтарды қоқыстан тазарттық. Сондай-ақ, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, өсік шөптер орылды» — дейді ол.
Айта кетейік, сенбілікке тұрғындар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Мұндай тазалық шаралары Әл-Фараби ауданында апта сайын жоспарлы түрде жалғасатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі