«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ!»
«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ!»
Шымкентте 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталу қажет екенін жеткізді.
— Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс, — деді қала әкімі.
Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында белсенді жастарға «Nur Otan» партиясының мүшелік билетін табыс етті.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болған патриоттық акцияға шымкенттік жастар қолдау білдірді. Ал қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.