«Бір жол екіге бөлінген». Түркістан облысында түсініксіз жол видеоға түсірілді

«Бір жол екіге бөлінген». Түркістан облысында түсініксіз жол видеоға түсірілді

Видеодан кадрларВидеодан кадрлар

Түркістан облысы Төлеби ауданы Жаңа ұйым ауылында жол жүру ережесін бұзбай көлік айдау мүмкін емес. Сондай жолмен жүрген жүргізуші мен жолаушы видео түсірген, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгер видеоны Жаңа ұйым ауылына кіреберістен бастап түсірген. Ауылға кіргеннен кейін жіңішке жолмен жүру мүмкін емес болып қалады. Себебі көшені екіге бөлген сызықты баспау керек. Ал оны баспайын десе, көлігі жолдан шығып, қауіпті жағдайға тап болады. Ал жолақты басайын десе, жол ережесі бұзылады және оған айыппұл салынады.

«Мына жерде қалай жүресің? Тіке жүрсем, ережені бұзамын ғой. Бір дөңгелегім мына жағында, біреуі мына жағында. Қазір ГАИ келе жатса, айыппұл салады ғой, иә. Әкіміне жіберу керек қой. Не істеп жатыр? Ақшаны мына жаққа төгіп жіберген ғой… Бір жолға, бір көлік жолына әшейін красканы төгіп тастаған ғой», — дейді кадр сыртындағы ер адам.

Түркістан облысының әкімдігіндегілердің айтуынша, жолды көктемде жауған жаңбыр бұзған және көшені екіге бөлген красканың фотосы ғана жіберілген.

«Видеода көрсетілген жол сызығын салу жұмыстарын «Мэри Компани» ЖШС орындап жатыр. Көктемде жаңбырдың салдарынан жолдың екі жағы ойылып, жол кішірейіп қалды. Жақын уақытта жол жөнделеді», — деді әкімдіктегілер.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/br-jol-ekge-bolngen-turkstan-oblyisyinda-tusnksz-jol-videoga-311893/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *