Шымкентте мейрамханалардың бірінің маңында атыс болып, бір адам қайтыс болды

Шымкентте мейрамханалардың бірінің маңында атыс болып, бір адам қайтыс болды

Автор: Сәке Қанатұлы

Шымкентте кеше 10 тамызда кешкі уақытта дәмханалардың бірінің маңында атыс болып, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған деп хабарлады KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Фото: Отырар арнасы

 

Құзырлы орган әзірге тек бір адамның ғана қайтыс болғанын растады. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге айтылмады.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған тағы бір жігіт аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

1985 жылы туған ер адамға дәрігерлердің ота жасағаны белгілі болды.

«Күрделі ота болғандықтан үш бригада, яғни үш бірдей хирург науқастың өмірі үшін күресті. Ота 3 сағаттан аса уақыт жасалды. Ота жасау нәтижесінде жарақат алған дене мүшелері қалпына келтірілген. Қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы бірқалыпты ауыр. Қосымша тексеруді, отаны қажет етеді.

Науқастың жағдайы тұрақталған соң дәрігерлер тағы да тексеріп екінші кезеңді ота жасауды жоспарлап отыр», — деп хабарлады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

35 жастағы жігіттің екі аяғы мен омыртқасында оқ жарақаты болған және қатты соққыдан іш құрылысы зақымданған.

 

Фото: Отырар арнасы

https://kaz.nur.kz/1868995-symkentte-mejramhanalardy-birinde-atys-bolyp-bir-adam-kajtys-boldy-foto.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *