Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды
© Sputnik / Евгений Одиноков
Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімі командирінің орынбасарын құрықтады.
«Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — делінген ресми хабарламада.
Агенттік лаузымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан қыруар қаржының тәркіленіп жатқанын көруге болады.