ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысында 100 136 адам коронавирус бойынша тексерілді. Өңірде полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен жалпы 7 зертхана жұмыс істейді. Сovid-19 вирусын анықтау үшін әр зертханада тәулігіне 500-дей азаматтан сынама алынады.
Қосымша Арыс, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Жетісай, Ордабасы аудандарындағы 6 зертханада ПТР құрылғылары орнатылып, талдама жасалына бастады.
Жалпы, Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Соңғы мәліметтер бойынша, бір күндік өсім 0,7 пайызды құрады. Яғни, жағдай тұрақталып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген. COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 2835 құраса, оның ішінде 2 282 емделуші, не, 80,5% жазылып шықты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі