Түркістандық полицейге 10 мың теңге ұсынған жүргізуші ұсталды
Түркістандық полицейге 10 мың теңге ұсынған жүргізуші ұсталды
Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласы ЖПБ патрульдік полиция инспекторлары мен Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, аталған инспекторларға 10 мың теңге көлемінде ақша ұсынған Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Анықталғандай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктің жүргізушісі көлікті айыптұрағына қойдырмау мақсатында полиция қызметкерлеріне өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін пара беруге тырысқан. Бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары бірден Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлан, нәтижесінде құқық бұзушы оқиға орнында ұсталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат алынды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен «көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу»әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады ТО ПД-нің баспасөз қызметі.
http://ernur.kz/turkistan-oblysy/turkistandyk-politseige-10-myn-tenge-usynghan-zhurgizushi-ustaldy