ШАРДАРАЛЫҚТАР 17 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

ШАРДАРАЛЫҚТАР 17 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Атам қазақ»Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп бекер айтпаса керек. Шардаралықтардың  игі бастамасы көпке үлгі болды.  Ауданның қалталы  азаматтары мен Әл-Матруни  мешітінің  имамдар және жамағат бірлесіп аудандағы орталық емханаға 17 дана оттегі концентраторын сыйлады. Аудан әкімдігі мұрындық болған бастама аясында тыныс алу құрылғылары қытайдан жеткізілді. «Олвен» деп аталатын құрылғылар енді науқастардың еркін тыныс алуына мүмкіндік береді.

Орталық емханадағы медицицна қызметкерлері алғашқы күннен  дертпен күресіп келеді. Індетке шалдыққан науқастарға бірінші көмек қолын созып отырған да осы жандар. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамай халық саулығы жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қайрымды жандардың қамқорлығының арқасында аудандағы тыныс алу препараттарының саны 20 ға жетті. Әр данасы 170 мың  теңге тұратын құрылғы науқастардың сауығып кетуіне бірден — бір сеп болары анық,дейді Шардара аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы  Нұржан Нөсеров.

Құрылғының ерекшелігі ауаны тазалап, науқасқа қажетті оттегін реттеп беріп отырады. медицицна мамандары  аппараттардың дертке шалдыққан жандар үшін тиімді екенін айтып отыр. Ауданның белсенді азаматтары  алдағы уақытта да қажет болса қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Бұл  бастама өте сауапты істердің бірі , дейді Әл-Матруди мешітінің бас имамы Ернар Өмірбеков.

Жаны жомарт жандардың арқасында  тыныс алу аппараттарына қол жеткізген жергілікті дәрігерлер халық денсаулығы жолында аянып қалмайтындарын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *