Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты
Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиында айтты.
«Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болды. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырамын. Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.