ТҮРКІСТАН: КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай мәлім етті.
Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей и текст
Түркістан облысы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған.
Спикердің сөзінше, кенеге қарсы энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында биыл 59 887 литр «Дизицип» сұйығы, 413 372 кг «Дельтаметрин» ұнтағы сатып алынды. Осы ретте аудан, қала орталықтарындағы сақтау қоймаларына жеткізілді.
Возможно, это изображение 1 человек, теленок и трава
Басқарма тарапынан тек ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын үйлердің қоражайларына және жапсарлас аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
– Залалсыздандыру жұмыстарын екі кезеңде жүргізу жоспарланған. Көктемгі кезеңде 1 498,8 мың ірі мал бүркіліп, 4 776,9 мың ұсақ мал тоғытылды. Сондай-ақ 51 672,1 мың шақырым қоражай және мал иірімдері мен суаттар залалсыздандырылды. Оған 17 сәйкестендірілген ДУК автокөлік, 372 ранцтік аппарат, 17 мотопомпа және 1552 арнайы киім, резеңке етік, 9312 респиратор, 3104 көзілдірік, 7 760 қолғап пен кәсіпорынның 1552 қызметкері жұмылдырылды. Мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда, жалпы 316 ұсақ малды тоғытатын ванна бар. Оның ішінде, 154-і — мемлекеттік, 162-і — жеке меншік. Ал екінші кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары 10 шілдеден басталып, 15 қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Осы кезеңде 1 557,7 мың ірі мал бүркіленеді, 4 996,6 мың ұсақ мал тоғытылады және 51 672 мың шаршы метр қоражай және мал иірімдері мен суаттар залалсыздандырылады. Оған дәрі-дәрмек жеткілікті, — деді Ғани Тұрысқұлұлы.
Возможно, это изображение 1 человек
Брифинг барысында Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов жыл басынан бері облыста кене шаққан 985 адам медициналық ұйымға жүгінгенін атап өтті. Ал, 48 науқас күдік тудырып, 9 науқастың диагнозы расталған.
Возможно, это изображение теленок
«Аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы инфекциясы адам ағзасына кененің шағуы арқылы енеді. Сондай-ақ, жануарларды күтіп баққан кезде, төрт түлік малдың және науқас адамның қанымен жұғуы мүмкін. Бұл ауруға көбіне малшылар, шопандар және мал күтімімен айналысатын, мал өнімдерін өндіретін адамдар шалдығады», — деді Бахтыораз Елемесов.
Возможно, это изображение 5 человек
Брифингте белгілі болғандай, аудандық, қалалық жұқпалы аурулар бөлімшелері арнайы тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен жасақталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Жамалованың айтуынша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына болжамды, ықтимал жағдай диагнозымен тіркелген науқастардан алынған қан сынамалары облыстық зертханаға сапалы және эпидемиологиялық қауіпсіз жеткізіледі.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырып емделген адамдардың қан сарысуы келісім бойынша дайындалып отырады. Бүгінде Рибаверин препаратының 25 350 данасы бар. Облыста иммундық плазманың 31,700 литрі дайындалған. Науқастарға арналған төсек-орын саны – 609. Аса қауіпті аурулардың алдын алу жұмыстары медициналық ұйымдар басшыларының қатаң бақылауында тұр. Осы ретте мамандар тұрғындарды Конго-Қырым қанды безгегінен сақтануға шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *