Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Олжас Әбішев
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты пікір білдірді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазір оған қатысты нақты ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын.
Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады», — деді Цой ОКҚ брифингінде.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды», — делінген хабарламада.