Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды
Салтанат Рақымбекова 55 жаста еді.
Сурет : Facebook3 Тамыз 2020, 10:59
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды, деп хабарлады zakon.kz.
Қаралы хабарды марқұмның зайыбы Төлеутай Рақымбеков Facebook-тегі парақшасында жазды.
55 жастағы Салтанат Рақымбекованың дертпен үш апта бойы күрескені жазылған.
Рақымбекова Салтанат 1965 жылы бұрынғы Шымкент облысы Жамбыл ауылында дүниеге келді.
«Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика көшу кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.