Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды», — делінген хабарламада.
ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.
Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.