Шайдан есірткі табылды
Шайдан есірткі табылды
Түрмеге есірткі жөнелтпек болған жамбылдық тұтқындалды.
Азық-түлікке есірткі жасырған Тараздық тұрғын түрмедегі досына беріп жібермек болған жерінде қолға түсті. Қала тұрғыны тиым салынған затты шай ішіне жасырған, деп хабарлады zakon.kz ҚАЖД ЖД 158/7 түзеу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыдан екі күн бұрын ЖД-158/7 мекемесінің жедел-режим тобы азық-түлік пен қажетті заттарды жазасын өтеуші досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермекші болған 1977 жылы туған А. есімді азаматты ұстады.
Бұл факт тінтіп-тексеру барысында анықталды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны өзге азық-түліктермен қатар целлофан қалтаға салмағы 1,5 келі түйіршіктелген шай алып келген. Ашып қарау барысында құрамынан белгісіз қою жасыл түстес өзіне тән иісі бар түйіршіктер табылды.
Оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 Полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды.Сот химиялық талдамасына сәйкес тәркіленген зат 8 грамм «конопля» есірткі тектес өсімдігі екендігі анықталған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік, досына көмектесу үшін заңды айналып өтпек болған ер азамат бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бап 3 тармағына сай, яғни ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу бойынша істі болған. 12 жыл бас бостандығынан айырылса, аталмыш ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп 2018 жылы ғана босатылған.