Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығы даму үдерісі
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан жер көлемі 403 мың га. құрап отыр. 1993 жылы ауданға «Қазығұрт» деген атау берілді. Қазіргі таңда ауданға қарасты 13 ауылдық округ және 64 елді-мекендер бар. Аудан халқының саны 105 631-ді құрауда.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарламасы бойынша ауыл шаруашылығы 2018 жылдың 8 айлық көрсеткіші 22086,7 мың.теңге құрап, аудан облыс бойынша 105,1%-бен үшінші орында тұрақтаған.
Сәйкесінше 2018 жылы алынған өнімдер дәндік жүгері 2490 тонна, көкөніс 49000 тонна, бақша 14000 тонна, ақтүйнек 6900 тонна және масақты дақылдар 103052,3 тоннаны құраған. Тамшылатып суғару әдісі бойынша 8 айдың қорытындысына сәйкес 2950,0 га жетсе, жылыжайлар 20,5 га ұлғайып жалпы көлемі 121,5 га жетіп 36,6 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған.
2018 жылдың 8 айында ауданда 9050 бас мал бордақыланып, 14800 тонна ет өндірілді. Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша бүгінгі таңда 94 бірлік ашылып, тапсырма 103,3%-ға орындалған. Мәліметтерді талдау нәтижесінде 2017 жылдың 8 айында Қазығұрт ауданында ірі мүйізді қара мал 69691 бас болса, 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 73811 баспен 105,9%-ға артқан. Ауданда мұнан бөлек ет өнімі бойыншада бірқатар даму үдерісі байқалады мәселен 2017 жылы 12034,1 Тн құраса 2018 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша 14869,0 Тн ет өндіріліп 123,5 пайызбен артқандығын байқаймыз (кесте-2)
Кесте-1 Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығының өсім деңгейі 2018 жыл
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар саны |
3 562 |
Шаруа қожалықтары |
3 962 |
Өндірістік кооперативтер |
117 |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер |
99 |
Аудан бойынша ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер |
275 086 га |
Нақтыланған егістік жер көлемі |
100 889 га |
Суармалы жерлер |
13 500 га |
Телімі |
87 389 га |
Жайылымдық жерлер |
133 460 га |
Бау |
4 212 га |
Шабындық жерлер |
30 905 га |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі |
22086,7 млн. теңге |
Кесте-2 Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы даму көрсеткіші
Атауы | Бірлік, өлшемі | 2014ж. | 2015ж. | 2016ж. | 2017ж. | 2017ж. 8ай | 2018ж. 8ай | 2017ж.
2018ж. % |
Жалпы өнім көлемі, оның ішінде: | Млн.теңге | 21303,2 | 22916,8 | 29958,1 | 31641,8 | 18418,3 | 22086,7 | 118,2 |
Мал шаруашылығы
|
Млн.теңге | 12074,2 | 13669,4 | 17031,9 | 19358,1 | 11089,3 | 14257,2 | 128,6 |
Өсімдік шаруашылығы | Млн.теңге | 9229,0 | 9247,4 | 12926,2 | 12283,7 | 1519,1 | 1296,0 | 85,3 |
Ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар,
Оның ішінде: |
Бір. | 3572 | 3632 | 3643 | 3643 | 3643 | 3643 | 100 |
АҚ | Бір. | 98 | 97 | 99 | 99 | 99 | 99 | 100 |
ЖШС | Бір. | 114 | 116 | 117 | 117 | 117 | 117 | 100 |
ӨК | Бір. | 3360 | 3338 | 3346 | 3346 | 3346 | 3346 | 100 |
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі
Оның ішінде: |
Га | 273974 | 274004 | 275086 | 275086 | 275086 | 275086 | 100 |
Егістік жер | Га | 101132 | 100987 | 100889 | 100889 | 100889 | 100889 | 100 |
Суармалы жер | Га | 12321 | 12351 | 13500 | 13500 | 13500 | 13500 | 100 |
Тәлімі | Га | 88811 | 88551 | 87389 | 87389 | 87389 | 87389 | 100 |
Жайылым жер | Га | 133194 | 133194 | 133460 | 133460 | 133460 | 133460 | 100 |
Үй іргелік жер | Га | 3374 | 3374 | 3374 | 3374 | 3374 | 3374 | 100 |
Жылыжай көлемі | Га | 57,0 | 65,0 | 72 | 101,0 | 101,0 | 120,2 | 115,7 |
Ет | Тн | 15360,4 | 17093,5 | 19365,2 | 20246,5 | 12034,1 | 14869,0 | 123,5 |
Сүт | Тн | 53853,2 | 55724,0 | 55285,7 | 55509,6 | 38873,4 | 38881,2 | 100,0 |
Жұмыртқа | Мың дана | 8325,0 | 7659,0 | 7324,5 | 7118,0 | 5282,0 | 5173,0 | 97,9 |
Ірі мүйізді қара мал | Бас | 60952 | 57159 | 57916 | 79984 | 69691 | 73811 | 105,9 |
Қой мен ешкі | Бас | 307121 | 262026 | 291653 | 330189 | 347909 | 371622 | 106,8 |
Жылқы | Бас | 23552 | 20230 | 25702 | 31095 | 30537 | 31785 | 104,0 |
Құс | Бас | 78395 | 61090 | 54426 | 71872 | 67680 | 75092 | 110,9 |
Шошқа | Бас | 60 | 15 | 62 | 72 | 72 | 22 | 30,6 |