Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандардың шығыны өтеледі

Медициналық сақтандыру қоры науқастардың коронавирустан жазылғаннан кейінгі оңалту шығындарын өтеп беруге шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирус пен пневмониядан жазылып шыққандардың шығынын өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бұл індет өршіп кеткен кезде қазақстандықтардың көбісі коронавирус пен пневмонияның диагностикасына және емдеу шараларына өз ақшасын жұмсады. Осыған байланысты медициналық сақтандыру қоры індеттен жазылғаннан кейінгі оңалту шығындарын өтеп беруге шешім қабылдады», — деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мамандар медициникалық қызметтерді зерделеп шыққан. Сол кезде инфекциядан кейін оңалту шараларына сұраныстың жоғары екенін анықтапты.

«1406 байланыс орталығына да осы мәселеге қатысты сұрақтар жиі түседі. Сол себепті медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау министрлігімен бірге жазылып шыққан пациенттерді оңалту алгоритмін әзірлеуде. Біз әр түрлі көмекті қарастырып жатырмыз. Емханадан бастап оңалту орталықтарына дейінгі көмектер бар. Тіпті, аурудың салдарына қарай санитарлық-курорттық ұйымдарға жіберу мәселесі де қаралады», — деп түйіндеді Төкежанов.

https://sputniknews.kz/society/20200727/14577364/koronavirustan-zhazylyp-shyqqandar.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *