Сенатор ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған жаңа қауіп туралы айтты

Сенатор ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған жаңа қауіп туралы айтты

Бұл арада өте көп көлемде қолдан дәрі-дәрмек жасау жайы сөз болуда.

Сурет : zakon.kz27 Шілде 2020, 10:44

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас прокурорға сауал жолдады, деп хабарлады zakon.kz.

Депутат дәрі-дәрмектерді қолдан жасаумен айналысатын жалған кәсіпкерлердің ашкөздігі мен бассыздығына наразы.

«Таяуда ғана Алматыда контрафактілік дәрі-дәрмектер өндіретін жасырын цех, жасанды дәрі-дәрмектерді орауға арналған қағаздарды басып шығаратын баспахана, заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылды. 100 тоннадан астам күмәнді дәрі-дәрмек заттары тәркіленді. Осындай ауқымда тіркелген қылмыстық факті және бұл жайттың өзі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіру деп қарастырылуы керек», — дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өз үндеуінде.

Сенатор осыған байланысты Бас прокурорға еліміздегі барлық дәрі-дәрмек қоймалары мен сатылатын орындарды шұғыл тексеріп, жалған өнімдерді анықтауға шақырды.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманы қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *