ҚОЛ ЖЕТКІЗІ ҚИЫН ДӘРУМЕНДЕР ШҰЖЫҚПЕН БІРГЕ САҚТАЛҒАН

ДӘРІЛЕР  ШҰЖЫҚПЕН БІРГЕ САҚТАЛҒАН

 Түркістан қаласында  науқастарға қажетті дәрілер тоңазытқышта шұжықпен бірге сақталып келген. Тіпті препараттар ірімшік жұмыртқа сияқты басқа да  тез бұзылатын заттардың жанында тұрған.  Бұндай келеңсіздіктерді прокуратура өкілдері мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейд кезінде анықтаған.

сурет әлеуметтік желіден алынған

Көне шахардағы ірі азық-түлік дүкенін тексеру кезінде  қол жеткізуі қиын дәрумендер  дүкен тоңазытқышында шұжық, ірімшік, жұмыртқа және басқа да азық-түлік түрлерімен қосыла сатылған. Аталған дерек Түркістан қалалық полиция басқармасының АТК-на тіркелді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тәркіленіп, денсаулық сақтау нысандарына уақытша сақтауға тапсырылды. Енді дүкен иесі «Заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу» және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша қағидаларды бұзу» баптарымен әкімшілік жауапқа тартылатын болады, деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *