Дәрігерлердің туыстарына төленген қаржыға қатысты Шымкент қаласының әкімдігі келесіні мәлімдейді:
Дәрігерлердің туыстарына төленген қаржыға қатысты Шымкент қаласының әкімдігі келесіні мәлімдейді:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан 10 миллион теңге көлеміндегі өтемақыны төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссия мүшелері әрбір жағдай бойынша тиісті анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Ал, күні кеше берілген бір миллион теңгеге қатысты айтар болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат «Шымкент — Қайырымды қала» қорынан бөлінген болатын.
Қаза болған дәрігерлердің туыстарына, сондай-ақ пандемия кезінде өмірден озған өзге де азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі