Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімет таратты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Оның жергілікті тұрғын екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы прокуратура мен полиция департаменті басшысының бақылауында» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция департаменті басшылығының бастамасымен жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету мақсатында маман Айгүл Рахметова мен ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбекпен кездесу ұйымдастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін 39 жастағы әйелді белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан жерінен өлімші етіп сабап, зорлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Әйелді жәбірлегендер тіпті оның басынан целофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған.

Тістерін түк қалдырмай сындырып, жағын үш жерден сындырған еді. Миы қатты шайқалып, есінен танып қалған әйелді қылмыскерлер өлді деп санап, денесін бұтақпен жауып кеткен болатын. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, әрең дегенде үйіне жеткен. Кейіннен бұл істі қалалық полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алғаны белгілі.

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-eki-balanyn-anasyn-olimshi-etip-uryp-zorlap-ketken-kudiktilerdin-biri-ustaldy_a3660995

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *