Облыс әкімінің орынбасары шымкенттік дәрігерлер өткізген акцияға қатысты пікір білдірді
Облыс әкімінің орынбасары шымкенттік дәрігерлер өткізген акцияға қатысты пікір білдірді
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шымкенттік дәрігерлер түскен видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде қатар-қатар болып тізілген шымкенттік дәрігерлердің коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтқаны түсірілген видео тараған болатын. Қолданушылардың көбі бұл акцияның орынсыз екенін айтып, ұйымдастырушыларды айыптаған болатын.
Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында қалада санитар нормаларды сақтай отырып, үш жерде іс-шаралар өткенін жазды.
Оның айтуынша, Түркістандағы бас тудың маңында бір минут үнсіздік жарияланды — онда полицейлер, қалалық емхананың қызметкерлері, облыс әкімі мен аппарат қызметкерлі қайтыс болғандарды аза тұтты.
Ал Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажет емес бастаманы қолға алып, аурухананың бүкіл ұжымын сыртқы шығарып акция өткізді. Дәрігерлерді осындай қиын сәтте мазалау, былайша айтқанда, қылмыстық озбырлық», — деді Қалқаманов.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/oblyis-akmnn-oryinbasaryi-shyimkenttk-dargerler-otkzgen-310570/