Вице-министр қазақстандықтар жедел жәрдемге қанша ақша төлейтінін айтты

Шақырту бойынша науқастың үйіне келген мобильді бригада коронавирусқа анализ алып, тест нәтижесін учаскелік дәрігерге береді

Қазақстанда жедел жәрдем жанынан құрылатын ақылды мобильді бригадалар адамдардан коронавирусқа тест алады. Бұл қызмет үшін қазақстандықтар 5400 теңге төлейді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Министр айтқандай, емханалар мен жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар құрылады. Бұл бригадалардың тарифі бекітілді – 5 400 теңге. Жедел жәрдем жанындағы мобильді бригадалар коронавирус немесе өткір респираторлық вирустық инфекцияның симптомдары бар адамдардан коронавирусқа тест алады. Бір адамға екі-үш рет бармайды, тест бір-ақ рет алынады», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният онлайн брифингте.

Айтуынша, тест нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруды жеңіл өткеріп жатқан азаматтарға мобильді бригадалар көмек көрсететінін мәлімдеген еді. Ол учаскелер деңгейінде үш мыңға тарта мобильді бригада құру жоспарда бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы мәселесін шешу үшін қосымша 807 автокөлік сатып алынбақ. Медициналық емес ұйымдар мен автопарктердің көлігін тарту арқылы «корона-такси» енгізу мәселесі де пысықталуда.

https://sputniknews.kz/society/20200703/14389862/Vitse-ministr-jedel-jardem.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *