Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды
Бас санитардың айтуынша, медицина қызметкерлері індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-ін құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ауырып қалған 492 дәрігерге пневмония диагнозы қойылса, 511-і емін жалғастырып жатыр.
«18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес», — деді Есмағамбетова онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.
https://sputniknews.kz/society/20200703/14384824/Qazaqstan-dariger-koronavirus.html