Қазақстанда ұшақ пен пойызға рұқсат беріліп, автобустар уақытша жүрмейтін болды

Қазақстанда ұшақ пен пойызға рұқсат беріліп, автобустар уақытша жүрмейтін болды

Қазақстанда ұшақ пен пойызға рұқсат беріліп, автобустар уақытша жүрмейтін болды

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік қатынасы мынадай шектеу шаралары енгізіледі:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-ushak-pen-poyyzga-ruksat-berilip-avtobustar-uakytsha-zhurmeytin-boldy_a3668306

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *