Қытайда нөсер салдарынан 14 адам қаза тауып, 8 адам жоғалып кетті

Қытайда нөсер салдарынан 14 адам қаза тауып, 8 адам жоғалып кетті

Қытайда нөсер салдарынан 14 адам қаза тауып, 8 адам жоғалып кетті

ЧЭНДУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Мяньнин уезінде жауған нөсер жауын салдарынан, сейсенбі 23.00-дегі мәлімет бойынша, 14 адам қаза тауып, 8 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті билік өкілдері мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Алдыңғы хабарламаларда көз жұмғандар саны – 12 және жоғалып кеткендер – 10 адам деп көрсетілген еді. Мяньнин уезі әкімшілігінің баспасөз кеңсесінің хабарлауынша, жоғалған екі адамның қаза тапқаны анықталды. Уезде нөсер жауын 26 маусымда басталды.Табиғи апаттан болған шығын 738 млн юань немесе 104 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

https://www.inform.kz/kz/kytayda-noser-saldarynan-14-adam-kaza-tauyp-8-adam-zhogalyp-ketti_a3668060

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *