Бразилиялық журналисті тікелей эфирде тонап кетті
Бразилиялық журналисті тікелей эфирде тонап кетті
Видеодан кадр
Қолында пышағы бар тонаушы CNN Brasil тілшісін тікелей эфирде тонады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Тілші Бруна Маседо Сан-Паулу көшелерінің бірінде тікелей эфир жүргізеді. Көпірде тұрған тонаушы ұзақ уақыт бойы түсірілім тобын аңдыған. Кейін ол тілшінің қасына келеді де, бір затпен қорқыта бастайды. Кейін БАҚ-та оның қолында пышақ болғаны хабарланды.
Кейін жүргізуші тілшінің екі телефонын алып кеткенін, бірақ өзі аман-есен екенін мәлімдеді. Полиция тонаушыны бірнеше сағаттан кейін ұстаған.
Осы жағдайдан кейін тілшіні әлеуметтік желі пайдаланушылары қолдады және Бруна Маседо оларға Instagram желісінде алғыс айтты.