Өзбекстанда сирек кездесетін сиам егіздер дүниеге келді

Өзбекстанда сирек кездесетін сиам егіздер дүниеге келді

Дәрігерлердің айтуынша, бұл дицефальды парапага деп аталатын сиам егіздерінің сирек кездесетін түріне жатады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Бір денесінде екі басы бар сиам егіздер Өзбекстанның Самарқанд облысында дүниеге келді.

«Сәби 27 маусым күні кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Салмағы – 4 600 грамм, бойы – 48 сантиметр. Қазіргі уақытта нәрестелерде демікпе мен жүрек жеткіліксіздігі байқалғандықтан, ылғалды оттегімен тыныс алуда. Жағдайы ауыр деп бағаланады», – деп жазады Sputnik Өзбекстан.

Жаңа туған нәрестеде бір дене, бір жұп қол мен аяқ, бір жүрек, екі өкпе, бір асқазан және бір жатыр бар. Олар дицефальды парапага деп аталатын сиам егіздерінің сирек кездесетін түріне жатады.

Самарқанд облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығының дәрігері Фаровон Самиевтің айтуынша, қазір егіздер жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер жаңа туған нәрестені аман алып қалу үшін ем-дом шараларын жүргізуде.

Шарананың мұндай күйде екендігі жүктіліктің 21-ші аптасында анықталған. Бірақ ата-ана босануға шешім қабылдаған.

Айта кетейік, эмбриональды даму кезеңінде дене мүшелері толығымен бөлінбеген немесе ішкі мүшелері бірігіп қалыптасқан егіздерді – сиам егіздері деп атайды. Егіздердің Y әрпі пішінінде омыртқа арқылы біріккен түрі жиі кездеседі.

https://sputniknews.kz/world/20200701/14363424/Ozbekstan-siam-egizder.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *