ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГТІК ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГТІК ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын орындарда індеттің алдын алу шаралары бойынша тексеру жұмыстарын атқарды.
Қаулыға сәйкес, әрбір кәсіпорын санитарлық талаптарды сақтап, бекітілген уақытқа сай жұмыс жүргізуі керек. Мамандар әсіресе ірі сауда орындарында, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.
Мобильдік топтар тарапынан карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 38 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берілді.
Карантин режимін бұзған 2 нысандарға хаттама толтырылып, сотқа 3 материал жолданды.