ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді
© AFP 2019 / MARVIN RECINOS
Әлемнің кейбір елдерінде жағдайдың жақсарғанына қарамастан, COVID-19 пандемиясының таралуы үдей түсуде, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.
«Кейбір елдер экономикалық қызметтерді іске қосып, әлеуметтік өмірге оралғаннан кейін жағдай ушығып кетті. Адамдардың көпшілігі әлі де вирус ошағында қалып отыр. Оның қайта өршу қаупі бар. Ең ауыры сол – жағдай әлі еңсерілген жоқ», – деген Гебрейесустың сөзін РИА Новости жариялады.
ДДҰ бас директоры 30 маусымда Қытайдан тараған пневмония сияқты белгісіз дерттің өршуі туралы алғашқы деректердің тіркелгеніне алты ай болғанын атап өтті.
«Осы алты ай ішінде әлемде індет жұқтырғандар саны он миллионға жетіп, 500 мың адам қайтыс болды», — деді ол.
Бұған дейін Тедрос Адханом Гебрейесус әлем пандемияның жаңа және қауіпті кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеген. Оның пікірінше, көптеген адамдардың «үйде отырып шаршағанынан» вирус тез таралып, соңы қайғылы жағдайға ұласуда.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында инфекцияның жедел таралуы аталған 11 елдің ішінде Қазақстан да бар.