ШЫМКЕНТТЕ ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ КҮНДІЗГІ СТАНЦИОНАРҒА ҚОСЫМША ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
ШЫМКЕНТТЕ ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ КҮНДІЗГІ СТАНЦИОНАРҒА ҚОСЫМША ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға қосымша дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірінші кезекте дәрілік заттар науқастар емделіп жатқан провизорлық және карантиндік станцинарға жеткізіліп, ақ халаттылар науқастарға медициналық көмек көрсетуде.
Медициналық препараттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютормен 852 дәрілік зат пен медициналық бұйымдар позициясы бойынша 1,8 млрд теңге сомасына келісім-шарттар жасалды. Бұған қоса эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және ЖРВИ мен пневмония көрсеткішінің күрт өсуіне байланысты медициналық ұйымдар көмек көрсету үшін 207,1 млн теңге сомаға Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қосымша өтінімдер рәсімделді.
Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор қосымша өтінімдер бойынша 76,8 млн теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиеп-жөнелтуде. Медицина ұйымдарына логистика жедел атқарылуда.