Тоқаев Жеңіс парадына қатысқаны туралы айтты

Тоқаев Жеңіс парадына қатысқаны туралы айтты

Салтанатты іс-шара бүгін — 24 маусымда Мәскеуде өтті.

Сурет : Twitter24 Маусым 2020, 18:37

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқаны туралы желіде жазды, деп хабарлады zakon.kz.

«Ресей Президенті В.Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатыстым. Қызыл алаңнан жүріп өткен әскери топтардың арасында Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің қызметшілері де болды», деп жазды Президент Twitter-де.

«Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгерлерге құрмет ретінде Кремльдің іргесіндегі «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойдым. Олардың ерліктері біздің есімізде мәңгі сақталады» деп қосты тағы да Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *