Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды

Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Видео кадрларынан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған.

«Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады», — деп хабарлады ведомстводан.

https://kaz.tengrinews.kz/events/tarazda-karantin-keznde-betashar-otkzgender-jazalandyi-309902/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *