Маман коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Маман коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

© Reuters© Reuters

Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың аяқталу мерзімін атады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Вирусолог COVID-19 биыл қыс мезгілі мен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды деп болжап отыр, алайда жұқтырудың екінші толқыны масштабты түрде болмайды.

«Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемде жұқтырудың өсуі жалғасуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын», — деді Чжун Наньшань.

Вирусолог қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Мамандар аурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірек инфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. ДДҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/maman-koronavirus-pandemiyasyinyin-kashan-ayaktalatyinyin-309876/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *