Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді. Біздің каналымызға жазылыңыз:

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhumys-saparymen-maskeuge-bardy_a3665206

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *