Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады

 

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 1 апта ішінде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шараларды дайындауды тапсырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда биыл жұқпалы аурулардың 57 түрі бойынша науқастану төмендеді. Оның ішінде, менингит — 3,5 есе, қызылша — 2,8 есе, сальмонеллез — 2,1 есе азайды. Бес айдың ішінде 1,4 млн адамға жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпе жасалды. Бұл егілуге тиіс адамдардың 92 пайызын құрайды», — деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Соңғы екі аптада барлық дерлік өңірде науқастар саны көбейді.

«Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ведомствоаралық комиссияның кешегі шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалаларда және тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлердің елді мекендерінде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Бұл шешім нақты орындалуы қажет. Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық жерлерде әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін бір апта ішінде дайындауды тапсырамын. Әрбір өңірдегі жағдайды ескере отырып, іске асырылатын шараларды өзгерту бойынша жедел шаралар қабылдансын», — деді Асқар Мамин.

https://www.inform.kz/kz/maminnin-tapsyrmasymen-bir-aptada-koronaviruske-karsy-zhana-sharalar-dayyndalady_a3663572

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *