Түркістан облысында құз жартасқа шығып алған жасөспірімдерді құтқару операциясы аяқталды
Түркістан облысында құз жартасқа шығып алған жасөспірімдерді құтқару операциясы аяқталды
Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен табылып, ол жерге түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Түркістан облысының Төлеби ауданында жоғалған балалар биік тауға шығып алып, түсе алмай қалған. Үшеудің екеуі ақыры жерге аман-есен түсірілді, ал біреуі, өкінішке қарай мерт болған, деп хабарлады zakon.kz.
16 маусымда сағат 14-00-де екі жасөспірімді құтқарушылар таудан түсірді. Құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен табылып, ол жерге түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, алған ешқандай жарақаттары жоқ.
Екінші жасөспірімді сағат 12.50-де құтқарушылар 50 метр биіктікке арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көтеріп алды. Одан кейін олар таудың соқпақ жолымен жаяу төменге түсті.
Іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 33 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Олар -Шымкент ТЖД жедел тобы (7 жұмысшы және 2 техника), Түркістан облыстық ТЖ басқармасы (10 қызметкер және 3 техника), жедел медициналық бригада (5 қызметкер және 1 техника), полиция бөлімі (11 адам және 5 дана жабдық) қызметкерлері мен техникасы.
15 маусымда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Бұрғылық ауылынан 5 шақырымдағы демалыс орнынан тауға шыққан топ оқушылар арасынан үшеуі тауда адасып, жоғалып кетті. 16 маусымға қараған түні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-іздестіру тобы жартастан құлап, мерт болған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты.
https://kaz.zakon.kz/5027764-t-rk-stan-oblysynda-z-zhartas-a-shy-yp.html