Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

Фото: ReutersФото: Reuters

Коронавирус өршуіне байланысты Қытайдың Баодин қаласында әскери жағдай енгізілді, — деп хабарлады РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Баодинда 11 миллионнан аса адам тұрады. Қала ел астанасы Бейжіңнен 147 шақырымда жерде орналасқан. Қалалар бір-бірімен тығыз байланысқан.

«Эпидемиямен күрес жөніндегі жедел штаб Баодин қаласында індеттің таралуын болдырмау мақсатында әскери жағдай тез арада енгізілетінін және соғыс уақытының механизмін іске қосылатынын мәлімдеді», — делінген үкіметтің хабарламасында.

Еске салайық, 13 маусымда Бейжіңдегі ең ірі көтерме сауда базары «Синьфади» карантинге жабылған болатын. Мұнда импортталған арқан балығын (лосось) кесуге арналған тақтадан коронавирус табылды. Сондай-ақ, Фэнгтай аймағында да әскери жағдай енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені хабарланған еді.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/kyitayda-covid-19-orshune-baylanyistyi-askeri-jagday-rejim-309536/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *