ТҮРКІСТАНДА ТҰМАУ ЖҰҚТЫРҒАНДАР КӨБЕЙГЕН

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталуда.

 

 фото әлеуметтік желіден алынды

«Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдауда. Теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығуда» делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.

Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан.

Жалпы Түркістан қаласы бойынша 14.06.20ж. жағдай бойынша 129 КВИ анықталды, оның 62 жазылып шықты. 32 инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық кви ошақтарында дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда баршаңыздан инфекциясының таралуына жол бермей, медициналық бетперде тағып, сақтық шараларын қадағалауды сұраймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *