Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«15 маусымнан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ашамыз. Карантин жағдайының ұзаруына байланысты нысан жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Енді қала қонақтары қасиетті орынға келіп, зиярат ете алады. Сонымен қатар, жаңарған қаланың өзгерісіне куә боласыздар. Туристер үшін кесене Рухани орталық ретінде қайта жаңғырмақ. Бастысы, қауіпсіздіктеріңіз үшін карантин талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймын»,- деді Өмірзақ Шөкеев.
Айта кетейік, елімізде қауіпті індеттің таралу қаупіне байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де уақытша жабылған болатын.
https://www.inform.kz/kz/kozha-ahmet-yasaui-kesenesi-15-mausymda-ashylady_a3661079